Экономиканың негізгі бағыттары бойынша көрсеткіш өсті
Былтыр еліміздің жалпы ішкі өнімі 104 триллион теңге болды.
Елімізге 28 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Осылайша Мемлекет басшысы рекордтық көрсеткіш орнағанын атап өтті. Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 млрд долларға жетті. Оның 84 миллиардын экспорт құрады. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси ахуалдың ушығып тұрғанына қарамастан ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштің өскенін айтты.