Ел бойынша 3,9 млн тонна астық бастырылды

Ел бойынша бүгінге дейін 3,9 млн тонна астық бастырылған.

Бұл жоспарлы көлемнің 22%. Орташа өнімділік гектарынан 10,2 центнерін құрады. Сондай-ақ майлы дақылдардың 63,1 мың гектары алынды. 613,2 мың тонна картоп, екі миллион тоннаға жуық көкөністер жиналды. Бұл туралы елдегі егін жинау науқанына арналған жедел штаб отырысында айтылды. Биыл фермерлерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасалып, 176,5 мыңға жуық тонна жанармайдың құны төленді. Бұл жанармайдың жалпы көлемінің 41 процентін құрап отыр. 156,6 мың тонна жанармай тиелген.