Мемлекет басшысы орта бизнесті дамытуды тапсырды
Соңғы жылдары елде шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады.
Бірақ орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі бәсең. Мұндай кәсіпорындардың басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Осыған байланысты, мемлекет басшысы орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жоюды тапсырды. Үкімет заңға өзгерістер енгізуі керек. Сондай-ақ орта кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет.