Қазақстандағы екі қор нарығының әлеуетін біріктіру қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздегі қор нарығын дамытуды тапсырды.
Қазір Қазақстанда екі қор биржасы бар. Олар жұмыс барысында көбіне бірін-бірі қайталайды, тіпті өзара бәсекеге түсіп жатады. Еліміздің қаржы жүйесі үшін бұл тым артық екенін айтты. Ішкі нарықтың көлемін және тартымдылығын арттыру үшін осы биржалардың әлеуетін біріктіріп, бір жерден басқару мәселесін қарастыру қажет. Төлем жүйелерінің тұрақтылығын сақтау да өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Былтыр еліміздің басты қаржылық институты ұлттық төлем жүйесінің бірінші бөлігі – жылдам төлемдер жүйесін іске қосты. Қазіргі таңда ол пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондықтан Мемлекет басшысы Ұлттық банкке келер жылы Ұлттық төлем жүйесін толық енгізу жұмысын аяқтауды тапсырды.