Астана хабтың үлгісін аймақтарда қолдану ұсынылды
Президент инновациялық даму мәселесін де айналып өтпеді.
Бүгінде Астанада және Алматыда қажетті экожүйе қалыптастыруға мән берілгені мәлім. «Бірақ мұнымен шектелуге болмайды», деді Президент. Және аймақтарда дарынды, ұшқыр ойлы, яғни креативті азаматтармен үнемі кездесетінін айтты. «Біз олардың өз әлеуетін толық ашуына жағдай жасауымыз керек. Өңірлердегі жоғары оқу орындарының негізінде біртұтас инновациялық экожүйе құру қажет. Оны нақты сектормен тығыз ынтымақтаса отырып жүзеге асырған жөн» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жұмысты әрбір облыс орталығында жүргізу керегін айта келіп, Астана хабының тәжірибесін кеңінен пайдалануды ұсынды.