«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады

Мемлекет басшысы «Отбасы банктің» қызметін қайта қарауды тапсырды.

Енді басты назар облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударылады. Одан бөлек, Президент бизнеске мемлекеттік қолдауды өндірістің технологиялық күрделілігіне қарай жіктеу керек деді. Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды Сол үшін "Бәйтерек" холдингінің құрылымы өзгеріп, кең ауқымда цифрландырылады. Экспортты ұлғайту мәселесі де айтылды. Қазір оның әдіс-тәсілі болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс. Бұдан бөлек, «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн.