Бүгінде еліміз Шаньдун провинциясымен тиімді ынтымақтастық орнатты
Бүгінде еліміз Қытай халық республикасының Шаньдун провинциясымен тиімді ынтымақтастық орнатты.
Мәселен, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сауда, логистика салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге зор әлеует бар. Алдағы уақытта Қазақстан өз өнімдерін Қытай нарығына одан әрі ілгерілетуге мүдделі. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қытай халық республикасының Шаньдун провинциясы партия комитетінің хатшысы Лин У мен кездесу барысында осыған тоқталды. Премьер-Министр Астанада Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Лин У Шаньдун провинциясынан 100-ден астам кәсіпорынның өкілі келгенін жеткізді. Тараптар бірқатар бірлескен сауда-экономикалық жобаларға қол қоюды жоспарлап отыр. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы тауар айналымының 6%-дан астамы осы Шаньдун аймағына тиесілі.