Сарапшы: өңдеу саласына инвестиция қажет
Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталыққа айналуы үшін не істеу керек?
Сарапшы Ернар Серіктің пікірінше, қомақты инвестиция мен өңдеу ісін өркендету салаға серпіліс береді. Ол үшін алдымен негізгі капиталға қаржы құю керек. Сонда техникалар жаңарып, инфрақұрылым түзеледі. Бұған мемлекет пен бизнес араласса, көп өнім алып ғана қоймай, оны өңдей аламыз. Оның үстіне экспорт көлемін де арттыруға мол мүмкіндік туады.
Ернар Серік, Экономикалық зерттеулер институты Сауда саясатын дамыту орталығының директоры:
- Өмір бойы шикізатты экспорттай бермейміз ғой. Біздер дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауымыз керек. Тек бидай, арпа емес, макарон өнімдері, ұн, әртүрлі күнбағыс майы, шоколад. Инвестицияны негізгі капиталға жұмсауымыз керек. Себебі комбайндар, машиналар ескірген.