Т. Үсеев: Экономиканың нақты секторымен байланысты арттыру маңызды
Бізге қазір жұмыстың нақты бағытына сай кадрларды даярлауға ден қою қажет.
Экономикалық зерттеулер орталығының сарапшысы Тимур Үсеевтің айтуынша, экономиканың нақты секторымен байланысты арттыру маңызды. Сонда сұраныс бар саланы жұмысшымен қамту мәселесі реттеліп, отандық мамандарымыз нақты бағытты дамытуға үлес қосады.
Тимур Үсеев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығының директоры:
- Президент нақты сектормен байланысты арттыру жайында айтып өтті. Яғни, өңдеуші өнеркәсіп, тау-кен өндірісінің секторы, агроөнеркәсіптік кешен, креативті индустрия – осы басымдыққа ие салалардың барлығын дамыту цифрландыру бойынша шешімдер қабылдауды талап етеді. Және бұл – өз мамандарымызды дамытуға болатын сала әрі зор мүмкіндік. Бұл бағытта нақты бизнеспен қарым-қатынас бар.