Сарапшы: өндірісті заман талабына сай жасақтау маңызды
Елдегі инфрақұрылымдық және техногендік апаттардың көбі инвестициялық тапшылықтан туындайды.
Сауда-саттығы дамыған көрші елдермен бәсекелесу үшін өндіріс орындарын ұдайы жаңартып, заман талабына сай озық үліглермен жабдықтау маңызды. Сауда саясаты орталығының сарапшысы Ернар Серік осылай дейді. Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыру үшін негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін арттыру қажет. Оның ішінде туризм, IT саласы мен өңдеу өнеркәсібі қамтылуы тиіс.
Ернар Серік, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сауда саясаты орталығының директоры:
- Президенттің айтып кеткені, сол банктердің, экономикаға кредит бермеуінен болып жатыр. Макроэкономикалық және құрылымдық мәселелердің кесірінен болып жатыр. Тек инфрақұрылым емес, өнеркәсіпте де инвестицияның жетіспеушілігі болып жатыр. Біздің бәсекелестігімізге тікелей әсер етеді. Мысалы, сіз 10 жыл бұрын сатып алған станоктарыңызбен қазіргі бәсекелестікке тұра алмайсыз.