Мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды
Елімізде мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды.
Заңсыз әрекеттерден шығын көлемі 22 миллиард теңгеден асты. Бұл туралы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Көбінде мекемелер мердігерлерге көрсетілмеген қызметі немесе жетізілмеген тауары үшін ақша аударып отырған. Оны қазіргі таңда іске қосылған жаңа Электронды мемлекеттік аудит анықтаған. Қашықтан тексеру әдісі, тіпті миллиардтаған бюджет қаражатын арнайы тексеруге мүмкіндік береді екен. Бұл ретте ведомство өкілдері алдағы уақытта да «электронды аудит» өз игілігін көрсетеді деп отыр.