Қазақстан-Қытай тауар айналымы 24% артты
Жыл басынан бері Қазақстан-Қытай арасындағы тауар айналымы 24% артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
8 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 25 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы Бас консулы хабарлады. Оған «Бір белдеу, бір жол» экономикалық-ынтымақтастық бастамасы да септігін тигізіп отыр. Жобаға биыл 10 жыл толды. Сондай-ақ көрші елмен сауда-саттықтың өсуіне Ляньюньган қаласындағы Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасының үлесі де көп.
Қазақстан-Қытай логистикалық терминалының аумағы – 220 мың шаршы метр. Жыл басынан бері Шығыс Азия елдерінен 15 мыңға жуық вагон қабылдаса, Орталық Азия елдерінің жүктері тиелген 6 мыңнан астам контейнерді теңіз арқылы шетелге жіберген. Ал біздің нарыққа арналған тауарлар осы терминалда рәсімделген соң теміржол арқылы 5 тәулікте Алтынкөл бекетіне жеткізіледі. Терминалдың құрылғанына 10 жылға жуықтады. Екі елге ортақ базада Мағжан Жарқын сынды отандасымыз еңбек етеді. Осында келгеніне бір жыл болған маман теңіз жағасындағы ылғалды ауаға бойым үйреніп қалды, - дейді.
Терминалдың құрылғанына 10 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында екі елдің сауда көлемі бірнеше есе артып, тауар жеткізудің тікелей жолы қалыптасты. Екі елге ортақ базада Мағжан Жарқын сынды отандасымыз еңбек етеді. Осында келгеніне бір жыл болған маман теңіз жағасындағы ылғалды ауаға бойым үйреніп қалды, - дейді.
Мағжан Жарқын, Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасының менеджері:
- Контейнерлер экспортқа шығатын кезде оның жолдама хаттары болады. Оның ішінде инвойс сияқты құжаттар болады. Соны теміржол құжаттарына біріктіріп, реттеу жұмысы, контейнерді жібермес бұрын. Теміржол қауіпсіздігі жұмысшыларымен бірге тексеру жасаймыз.
Ляньюньган халықаралық логистикалық паркі Шаңхай ынтымақтыстық ұйымына мүше елдердің теңізге шығатын базасы саналады. Жақында Қазақстан-Цзянсу экономикалық-сауда айналымы конференциясында екі жобаға қол қойылды. Біріншісі – Алматы қаласының жанынан екі елге ортақ қойма салу. Екіншісі – Қытай-Қазақстан мультимодальдық ортақ жүк пойызын ашу.
Ян Янь Шыұ, (Ляньюньган) халықаралық логистикалық паркінің бөлім басшысы:
- Ляньюньган халықаралық логистикалық паркінің өзге мемлекеттерде 5 қоймасы бар. Соның бірі Алматы маңында орналасады. 7,3 гектарға салынып жатқан қоймада екі елдің тауарларлы сақталады. Әзірге логистикалық қойманың 20 мың шаршы метрі дайын. Келесі жылы толық пайдалануға беріледі.
Биыл 8 айда Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 24%-ке өсіп, 25 млрд АҚШ долларынан асқан. «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 10 жылдығы мен Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуына орай өткен жиында әріптестік көкжиегі кеңейіп жатқаны айтылды.
Цзян Вэй, ҚХР Алматыдағы Бас консулы:
- Қазір бірқатар қытайлық серіктестер Қазақстандағы жасыл энергияны қаржыландыруға қызығушылық білдіріп отыр. Соңғы бір айда екі елдің кәсіпкерлері бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұл – жаңа бағыт.
Серік Нарысов, шығыстанушы, дипломат:
- Біз Қытаймен қарым-қатынас орнатқаннан кейін негізгі сауда-саттықта біздің Қазақстанның Қытайға экспортының ішінде осы мұнай, газ тауарлары болатын болса, қазіргі кезде бізден машина жасау өндірісі тауарлары, азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері, ет өнімдері көптеп сол жаққа экспортталып жатыр.
Қазақстан – «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске қосқан бірінші ел. Сонымен қатар шығыс пен батысты байланыстыратын дәліздегі алғашқы аялдама болғандықтан маңызды зор.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Мұхит Құдықбаев.