Агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек
Агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек.
Мемлекет басшысы жолдауында алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу міндетін қойған еді. Осы межеге талпынған кәсіпорындардың бірі жылына 2 жарым миллион литр сүт өндіріп, саланың дамуына өз үлесін қосып отыр. Алматы облысында ауыл шаруашылығының бірнеше бағытын қатар алып жүрген шаруашылықта асыл тұқымды 600-ге жуық сиыр бар. Жаңа технология бойынша күтіп баптаудың арқасында бір сиыр күніне 30 литрдан астам сүт береді екен. Ондағы мамандар президенттің салада экспортқа тәуелділіктен арылу керек деген сөзін құптайды.
Саят Дәулетхан, ветеринар:
- Осы фермада біздер 20 адам жұмыс жасаймыз барлығымыз. Әркімнің мысалы сауында жұмыс істейтін кісілер бар, врач, замтехник, управляющий деген сияқты сондай. Қолдан ұрықтандыру осы бағытта жұмыс жасаймын. Осы құнажындарды 12 айға толтырып, оны салмақтарын өлшеп, генетика салмағы бәрі жақсы болған соң ұрықтаймыз.
Шаруашылық алдағы уақытта оқу орталығын құрып, агро-техникалық университеттердің түлектері мен студенттеріне тәжірибелік білім беруді жоспарлап отыр.
Қуан Байғабылов, шаруашылық жетекшісі:
- Бізде қазір үлкен проекті жоспарлап отырмыз. Немістермен бірігіп қазір бір оқу орталығын ашқалы жатырмыз. Ол жердегі мақсатымыз Қазақстанның осы Алматы облысындағы кішігірім шаруашылықтарға кеңес беріп, білгінімізді үйретіп, мамандарды дайындаймыз.