Сарапшы: Жолдау экономикалық бағытты айқындап берді
«Цифрлық ортаны дамыту және Қазақстанды IT саласында жетекші елге айналдыру – қазіргі заман талабымен толық үндесетін ұзақмерзімді жоба».
Қазақстанның Индонезиядағы құрметті консулы Абдул Гофур Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы идеяларын осылай бағалады. Сарапшы бұл жолы еңбекақы көлемін арттыру және шағын-орта бизнеске қолдау көрсету арқылы ел азаматтарының өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мән беріліп отырғанын атап өтті.
Абдул Гофур, Қазақстанның Индонезиядағы Құрметті консулы:
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жан-жақты ойластырылған және барлық маңызды саланы қамтыған экономикалық бағыт көрсетілген. Айқын реформалар, әділет үшін белсенді күрес және орнықты дамуға ұмтылыс Қазақстанды дамудың жаңа деңгейіне көтеретіні сөзсіз».