«G4 City» жобасын іске асыру жайы талқыланды
2048 жылға дейін Алматы облысында 30 мың га болатын «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат жасалды. Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Онда Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады. Премьер-министр жауапты мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.