Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді
Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді.
Үкіметтің қолдауымен өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайлардың жылыту маусымында кеткен шығынның 20%-ын мемлекет өтейді. Осыған байланысты «Фермерлік жылыжайлардың техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, сертификаттау жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, фермерлік жылыжайлардың әр гектарына - 4,8 млн теңге, ал өнеркәсіптік жылыжайларға – 8,1 млн теңге субсидия төленеді. Бұл отандық жылыжай шаруашылықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, маусымаралық кезеңде халықты жаңа көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, еліміздегі жылыжайлардың басым бөлігі Түркістан облысында орналасқан.
Әлібек Плалов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.а:
- Айта кететін жәйт, жылытылмайтын жылыжайлар бар ғой, олар субцидилауға жатпайды. Яғни комиссия құрамы барған кезде ол жерде көкөніс өнімдері өсіп тұрған болуы керек. Егер ол жерге екпеген болса, ол жылытылмайтын болса, мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Тағы ескертетін нәрсе, бұл субсидия көкөніс өндіретіндерге беріледі.