Ақмола -Чехия: Ынтымақтастық нығая түсті
Ақмола облысы мен Чехияның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық артады.
Бұл туралы Көкшетауда өткен бизнес-форумда айтылды. Қос тарап сауда-экономикалық байланысты нығайтып, өзара әріптестікті нығайтуға уағдаласты.
Соңғы 8 айда Чехия мен Ақмола облысы арасындағы алыс-беріс 17 млн.долларды құрады. Тараптар бұл көрсеткішті әрі қарай жандандыруды көздейді. Басты басымдық ауыл шаруашылығы саласына берілген. Осы бағытта чехиялық компаниялар жаңа техника мен материалдар ұсынуға ниетті.
Марек Выборны, Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі:
- Біздің делегация құрамында тек ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оқу орындарының өкілдері бар. Біз экономикалық тұрғыда Ақмола облысымен байланысты нығайтуды көздеп отырмыз. Атап айтсақ, біз өз тарапымыздан ауыл шаруашылығы техникаларын, мал шаруашылығына арналған генетикалық материалдар жеткізе аламыз. Біздің бұл ынтымақтастығымыз жемісті, әрі ұзақ боларына сенімдімін.
Ақмола облысының экпорттық әлеуеті зор. Бүгінде өңірде өндірілетін өнімдер әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Оның ішінде Чехия мемлекетіде бар. Осы ретте, өңір басшысы қос тарап арасындағы ортақ жобаларды көбейтіп, ынтамақтастық көкжиегін кеңейтуді ұсынды.
Марат Ахметжанов, облыс әкімі:
- Бұл елдің тәжірбиесі мол. Енді жан-жақтан келген, 40-тан астам ірі компания өкілдерінің басшыларын әкеліп отыр. Бізде өзіміздің ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкелер мен басшыларды әкеліп, солармен осындай бизнес форум құрып отырмыз. Бұл дегеніміз әрбір жағынан қандай қызығушылық бар, өндірісті тереңдетіп өндіруге, шикізат дайындау бағытында жұмыс істейміз. Екі жақтың да мүдесін ескере отырып, осы ауыл шаруашылығы өндірісін әрі қарай дамытуда өзінің бір оңтайлы серпін береді деген ойдамыз.
Сонымен қатар, делегация мүшелері облыста өндірілген өнімдер көрмесін тамашалады. Ал бизнес-форумның екінші бөлімінде, тараптар еркін форматта пікір алмасып, өзара тәжірбиелерімен бөлісті.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Виктор Полянный