Қасым-Жомарт Тоқаев күріш зауытының жұмысымен танысты
Өндіріс ошағы сағатына 7 тонна өнім өңдейді.
Оның жартысынан астамы ішкі нарыққа, ал қалғаны көрші елдерге экспортталады. Ал биыл зауыт алғаш рет Америкаға 70 тонна күріш жөнелтті. Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. Сыр бойының шаруаларына табыс тілеп, тек күріш өсірумен шектелмей, агроөнеркәсіп саласын әртараптандыру, әсіресе суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы өндірістік кешен аумағында былтыр іске қосылған тұз өндіру зауытын да болды. Кәсіпорында 130 адам еңбек етеді. Өнімі көршілес Ресеймен қатар Латвия, Литва, Эстония, Беларусь мемлекеттеріне сатылып жатыр. Жалпы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалады. Президенттің алдында аймақ басшысы сан сала бойынша есеп берді.
Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:
- 9 айдың қорытындысымен өңдеу өнеркәсібі 115 пайызға, ауыл шаруашылығы 101,6 пайызға, құрылыс жұмыстары 126,4 пайызға, тұрғын үйлер салу 118,9 пайызға, сауда 104,1 пайызға артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 125,6 пайызға артты.