Атырау облысына қосымша автогаз бөлінеді

Сұйылтылған газ тапшылығы мәселесін реттеу үшін Атырау облысына көршілес Ақтөбеден қажетті көлемде автогаз тасымалданып жатыр.

Бұдан бөлек Энергетика министрлігінің шешімімен жергілікті мұнай өңдеу зауытының резервтік қорынан қосымша автогаз  бөлінді. Қалтаға қолайлы болғаннан кейін жүргізушілердің көбі көлігіне сұйытылған газ құяды. Бірақ бірнеше күннен бері автогаз алу қиындаған. Газ құю бекеттерінде кезегін күткен жүргізуші көп.

БЛИЦ:

- Кеше келіп жасадық, бір заправкаға келіп жатыр екен. Кеше де докторға келдік. Шығып бара жатып, газдың келіп жатқан уақытында жылдам жасап кеттік. Таңертең берген біз келгенде.

- Километрдің үстінде болды кезек. Бүгін енді 10-дарда келдім. 2 сағаттай болды. Бүгін көлік аз екен. Кеше де болды, деді, басқа заправкаларда. Кеше бергеннен кейін бүгін машина аз болып тұрған шығар. 

Асланбек Шығыр, тілші:

- Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өңірде сұйытылған газ жеткізу көлемі төмендеді. Енді тұрғындардың қазіргі сұранысына сәйкес Энергетика Министрлігі облысқа қосымша автогаз бөлім отыр. Жалпы өңірдің қажеттілігі айына 6200 тоннаға тең.

Жергілікті билік сұйытылған газ тапшылығы мәселесінің реттелетінін айтады. Қазір көршілес Ақтөбе облысынан қажетті көлемде автогаз тасымалданып жатыр.

Марат Қарамалаев, облыстық энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:

- 1 қазан мен 1 қараша аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына тұруына байланысты біз сұйытылған газды Ақтиөбеден тасымалдап отырмыз. Жоспар бойынша 5263 тонна осы айға доспарланғаны. Қазіргі таңда тасымалданғаны 1000 тоннаны құрайды. Қалғаны көлемдер тасымалданып отыр, күнделікті бақылау жүргізіп отырмыз.

Энергетика Министрлігінің шешімі бойынша Атырау мұнай өңдеу зауытының резервтік қорынан қосымша 750 тонна автогаз газ бөлінді. Қазір өңірдегі 100-аса газ құю бекетіне сұйытылған газ тасымалдануда.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов