Қытаймен әріптестік елдегі бизнестің дамуына екпін береді

Қытаймен әріптестік қазақстандық бизнестің дамуына екпін береді.

Былтыр бірлескен жобалардың арқасында отандық фермерлер жарты миллиард АҚШ долларынан астам пайда тапты. Саясаттанушы Әділжан Кәрімов осылай дейді. Маманның айтуынша, Президенттің Қытайға сапары аясында қол қойылған келісімдер тиімді ынтымақтастық шеңберін одан әрі кеңейте түсетін болады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының іргелес елге сапары барысында жалпы құны 16,54 миллиард доллар болатын 30 коммерциялық құжатқа қол қойылды.    

Әділжан Кәрімов, саясаттанушы:

Негізі біздің Қытаймен қарым-қатынастарымыз тек қана бизнеске, бизнеспен шектелмеген. Ол әлеуметтік-гуманитарлық қатынастар да бар оның арасында, интеллектуалдық. Мысалы үшін қаншама біздің мамандар кәсіби білім алып отыр. Ондай мамандарды біз көріп отырмыз күнделікті. Ол ІТ саласы да бар, мұнай да бар, салалар өте көп.