Қазақстан − Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 72%-ке өсті

Премьер-Министрдің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Түркіменстанға барды. Қазақстандық делегация алдымен Ашғабаттағы Тәуелсіздік монументіне гүл қойды.

Бұдан кейін қос елдің Сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты кездесуге қатысты. Тараптар сауда-экономикалық, гуманитарлық және мәдени саладағы әріптестік мәселелерін талқылады. Кездесуде екі министрлік арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Былтырғы жыл қорытындысында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 72 пайызға өсіп, 438 млн АҚШ долларына жетті. Мұндағы экспорт көлемі 340 млн доллардан асады. Экспорттың басым бөлігін астық, ұн, минералды тыңайтқыштар мен металлургия өнімдері құраса, біз бауырлас елден жеміс-жидек, көкөніс пен текстиль бұйымдарын сатып алдық.