Қытаймен алыс-беріс 21% артты

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 21%-ке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр алыс-беріс 24,2 млрд долларға жеткен еді. Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасының көкжиегі бүгін Шанхай төрінде талқыланды. Аспан асты еліне жұмыс сапарымен барған Әлихан Смайылов визасыз режим екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жетілдіруге, инвестицияларды ұлғайтып, туризмді дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Қытаймен ынтымақтастықтың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді. Өз кезегінде қытайлық әріптесі Ли Цян мырза мемлекет басшылары айқындап берген басым бағыттар мен міндеттерді іске асыруға дайын екенін айтты.