Елімізде құны 7 трлн теңгеге он бес ірі жоба қолға алынады
Елімізде құны 7 трлн теңге болатын 15 ірі серпінді жоба іске асырылады.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев сенат отырысында ослай деді. Инвестициялық, әсіресе өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалар тізімі дайын екен. Бұл бағыттар шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырылмақ. Министр жобалардың бір бөлігі іске асырудың белсенді кезеңінде, қалғаны дайындық үстінде дейді.
Қанат Шарлапаев ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
- Біз айтқан жобаларға инвестор іздеудің қажеті жоқ. Қазірден бәрі белгілі. Мысалы көлік құрастыру саласындағы жобаларымыз орындала бастады. Біз тізімге 20 жобаны алып отырмыз дедік. Себебі резерв болу керек. Бұл басым жобаларды айқындауға мүмкіндік береді. Бізде шикізат өте көп. Бұл бәсекеге де мүмкіндік беретін фактор. Қазір әлем жасыл экономикаға көшуге мүдделі. Бұл мысқа деген сұраныстың артатынын білдіреді. Демек, нарық бар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мазмұнды әрі нәтижелі талқылау болды деп есептеймін. Бірқатар проблема ашық айтылды. Жалпы еліміздің экономикалық дамуы үшін көтерілген мәселенің маңызы зор екені анық. Сондықтан осы отырыста айтылған барлық ұсыныс назардан тыс қалмауы керек.