Тұтынушылық шығындардың 52% азық-түлікке кетеді
Қазақстандықтар ақшаның көбін тамаққа жұмсайды.
«Тұтынушылық шығындардың 52%-і азық-түлікке кетеді». Бұны Ұлттық сатистика бюросына сілтеме жасаған finprom.kz хабарлады. Осы жылдың екінші тоқсанында шығын 14%-ке өскен. Аталмыш кезеңде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп жұмасаған – Түркістан облысының тұрғындары. Статистикаға сай, орта есеппен 557 мың теңге. Ал жылдық есеп бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Онда азық-түлікке кететін шығын көлемі 30% өсті. Павлодар облысында, керісінше, қатты өсім байқалмайды. Халық негізінен ет, нан және сүт өнімдерін сатып алады.