Қазақстанда валюта айырбастау көлемі азайды

Соңғы екі жылда Ресей рублінің сатылымы 35 есе төмендеді.

Егер 2021 жылы банктер мен айырбастау пункттеріне ай сайын рубль саудасынан 62,5 миллиард теңге түссе, биыл 1 миллиард теңгеге де жеткен жоқ. Мұны finprom.kz. сараптама агенттігі хабарлады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ақпараты бойынша өткен жылдың 9 айында 265 млрд 200 миллион рубль сатылды, ал осы жылғы сатылымы – небәрі 7 млрд 600 миллион рубль.

Бірақ Ресеймен шекаралас Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақмола облысында рубль саудасында оң динамика байқалады.

Жалпы, биыл шетел валюталарын сатудан түсетін пайда төмендеген. Мәселен доллар саудасының табысы шамамен 9%-ке, еуро сатудан түсетін табыс 30%-ке азайды.

2022 ж. қаңтар-қыркүйек 265 млрд 200 млн рубль сатылды;

2023 ж. қаңтар-қыркүйек  7 млрд 600 млн рубль сатылды;

2023 ж. доллар сатудан табыс 9%-ке азайды;

2023 ж. еуро сатудан табыс 30%-ке азайды;