Тұрғын үй саясатындағы реформа қалай жүргізіледі?
"Отбасы банк" тұрғындарды тіркеп, баспана үлестірумен айналысатын ұлттық даму институтына айналады.
Дегенмен үй кезегіндегі азаматтарды салынып жатқан тұрғын үймен қамтамасыз ету әкімдіктердің құзыретінде қалмақ.
Қазір мәжілісте осындай өзгерістер енгізетін заң жобасы қарастырылып жатыр.
Айта кеткен жөн, "Отбасы банкінде" тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Оған кез-келген әлеуметтік санаттағы азаматтар тіркеле алады. Әр өтініш бойынша отбасының цифрлық портреті қалыптастырылады. Онда отбасы мүшелерінің табысы, мүлкі мен активі көрінетін болады.
Жансұлтан Матай, "Отбасы банк" АҚ орталық филиалының директоры:
- Бүгінгі таңда 640 мың кезектегі азамматың кезегі сақталады. Барлық база біріктіріліп, облыстық деректер көзі болса, бәрі біріктіріледі. Интеграциялауға мүмкінідк береді.