Транскаспийдегі тауар айналымы артады
2030 жылға қарай Каспий арқылы өтетін тауар айналымы үш есе өсіп, 11 миллион тоннаға жетуі мүмкін.
Оның басым бөлігі Қазақстан экспортына тиесілі болмақ. Сондай-ақ Өзбекстан, Грузия мен Әзербайжан да тауар айналымының ұлғаюынан пайда табады. Бірақ ол үшін транзиттік хаб жұмысында жүйелі өзгерістер қажет. Дүниежүзілік банк мамандары Транскаспий халықаралық көлік бағытының жұмысына сараптама жасап, осындай қорытынды шығарды.
Экономистердің айтуынша, Транскаспий халықаралық көлік бағытындағы үш ел вагондар мен локомотивтердің санын арттыру керек.
Сонымен қатар, Ақтау портынан Бакуге дейін контейнерлерді теңіз арқылы тасымалдайтын кемелерді көбейтіп, жүктерді теміржолдан және көлік жолдарынан портқа тасымалдайдын құрал-жабдықтар да қажет.
Бұдан бөлек сарапшылар алдағы уақытта Қытайдан Еуропаға баратын транзиттік тауар айналымы да артады деп отыр.
Виктор Арагонес, Дүниежүзілік банктің көлік бойынша аға экономисі:
- Ең бастысы Траснкаспий көлік бағытында ақпарат алмасу үшін цифрлық жүйе енгізу керек. Бұл тауар тасымалдайтын мемлекеттер мен операторлар үшін қажет. Қазір барлық ақпарат қағаз арқылы немесе ресми емес емейлдер мен түрлі каналдар арқылы алмасуда. Ал цифрлық платформа құжат айналымын тездетіп, тауар жеткізу уақытын 3 күнге дейін қысқартады. Біздің сапартама соны көрсетті.