ҚМА 5,1 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол бермеді
Қаржылық мониторинг агенттігі тиімсіз жобаларды қаржыландыруға жол бермей, 5,1 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеп қалды.
Атап айқанда, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанып, толып қалған. Жергілікті Департамент қызметкерлері қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.
Бұдан бөлек Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған болатын. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңге, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас нысандардың құны айтарлықтай төмен болып шықты. Енді қазір Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылады.