Того елімен экономикалық байланыс болашағы қандай?
Того Қазақстан үшін тың ел.
Десе де онымен байланысты бекемдеудің келешегі зор. Отандық сапаршылардың пікірі соған саяды.
Қазақстан секілді Того да аграрлық мемлекет. Оның үстіне Африканың негізі транзиттік аймағы. Сауданың көрігін қыздырып тұрған әйгілі Ломе портын айтпасқа болмас. Сондықтан Орталық Азияның транзиттік хабына айналуды көздейтін біздің ел үшін бұл сапардың мәні ерек. Экономикалық тиімділіктен бөлек француз, неміс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін елмен мәдени қарым-қатысты нығайту да маңызды.
Мақсат Жақау саяси сарапшы:
- Сауда-экономикалық, гуманитарлық-қайырымдылық бағыттағы байланысты жандандыруға келіп жатуы Президенттің бұл бір жағынан Қазақстан үшін тек Того мемлекетімен емес, тұтас 56 африкалық мемлекеттермен байланысты нығайтуға, өндірістік тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.