Ауыл шаруашылығына 16 млрд теңге бөлінген
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласына Үкімет резервінен 16 млрд теңге бөлінді.
Қаржының басым бөлігі асыл тұқымды мал басын көбейтуге жұмсалады.
Егін шаруашылығын дамытуға да екпін беріледі. Биыл аймақта орақ науқаны қиын жағдайда өтті. Сол себепті жергілікті шаруаларға барынша қолдау көрсету маңызды. Осылайша Үкімет резервінен қарастырылған қаржының тең жартысы Ақмола облысына бөлініп отыр.
Дулат Сердәлі, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- 16 миллиардтың 1,5 миллиарды өсімдік шаруашылығына, тұқым алуға, тұқымды субсидиялауға бөлінген қаржы. Мал шаруашылығына 7,8 млрд теңге бөлінді. Ал, 4,1 миллиарды техника мен құрылғыларды алуға бөлінді. Өсімдік шаруашылығына бөлінген қаржы толық игерілді. Қалған мал шаруашылығы мен техниканы сатып алуға арналған қаржы осы жұманың ішінде басқарма бюджетіне келеді.