ІРІ инвестициялық жобаларға мониторинг
Бүгінде «Самұрық-Қазына» қорының ерекше бақылауында 42 ірі инвестициялық жоба бар.
Бүгін Қордың Қоғамдық кеңесі инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тәсілдерін талқылады.
Бүгінде Қор деңгейінде тұрақты мониторингке жататын 42 ірі инвестициялық жобалар мұнай-газ, химия, энергетика, көлік-логистика салаларына жатады. Солардың үшеуі жүзеге асқаны жайында Қоғамдық кеңесте айтылды.
Болат Жәмішев, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Қоғамдық кеңестің алдыңғы отырыстарының бірінде Қордың инвестициялық мониторинг жүйесін құрудағы тәсілдері келісіліп, жобалар Қоғамдық кеңестің жеке қарауына ұсынылды деп шешілген.
Қор құрылымындағы ірі жобаларды іске асыру барысын бақылау мақсатында жобалық кеңсе құрылып, апта сайын тиісті ақпараттарды Директорлар кеңесінің қарауына ұсынуда. Құрылыс алаңындағы жұмыстың физикалық көлемі, жобалық кестенің орындалуы, игеру көлемі, апталық жұмыс жоспарларының орындалу дәрежесі және т.б. тұрақты негізде талданып отырады.
Ернат Бердіғұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару және стратегия жөніндегі басқарушы директоры:
- Жақында Қор инвестициялық жобаларды бақылаудың қосымша құралдарын енгізді, бұл мақсатты кестеден ауытқуларды және жобаның басқа да ықтимал тәуекелдерін уақтылы анықтауға және түзету шараларын жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Жобаның іске асырылуының апта сайынғы мониторингін енгізу, құрылыс алаңындағы жұмыстың физикалық көлемін бақылау, жобалық тапсырмаларды Қордың және портфельдік компаниялардың корпоративтік ПӘК-не енгізу жаңашылдықтардың қатарында кіреді.
Баяндама соңында Қор тарапынан инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасатыны айтылды. Атап айтқанда, орта мерзімді жобаларға автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу жайы баяндалды.
Авторы: Рухани Асқар