Қазақстанда креативті индустрияны қолдау қоры құрылады
Ол елдегі талантты адамдардың өнері мен шығармашылығын насихаттап, авторлық өнімдерді экспорттауға көмектеседі.
Қорға қаражат бюджеттен тыс көздерден түседі дейді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов. Бүгінгі таңда еліміздің жалпы ішкі өніміндегі креативті индустрияның үлесі 1 пайызға жетпейді. Сол себепті алдағы уақытта дарынды азаматтарға қолдау көрсету орындары барлық облыс орталықтарында құрылады. Алдағы мақсаттың бірі әлемдік медиа-ойын сауық нарығында жетекші орынға шыққан елдердің тәжірибесін меңгеру.
Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:
- Әлемдік көшбасшылар жоғары нәтижеге креативті индустрия саласына жоспармен келді. Мысалы, Кореяда Коса креативті агенттігі құрылды. Гонконгта Креативті Гонконг агенттігі құрылды. Олар мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да тұжырымдалық құжаттарды ұсынды. Және осы саланы дамытатын қорлар құрайды.