Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады
Қаңтар айының бірінде елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады.
Бұл жолы жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшылары, заңды тұлғалар және олардың жұбайлары елдегі және шет мемлекеттердегі мүлкін жария етеді.
Осы ретте, депутаттар кіріс көзі тек зейнетақы мен жәрдемақыдан тұратын азаматтарды декларациялаудан босатуды ұсынған еді. Бұл бастама қолдау тапты ма?
Рухани Асқар, тілші:
- Шетелде тіркелген жылжымайтын мүлік, көлік құралы;
- елден тысқары жерде ашылған, сомасы мың АЕК-тен асатын банк шоттары; - шетелдік бизнестегі үлес;
- инвестициялық алтын, бағалы қағаздар;
- зияткерлік меншік нысандары.
Осы аталғандардың барлығы декларациялауға жатады. Бұдан бөлек 35 млн теңгеге жуық қолма-қол ақшаңыз немесе құны 3 жарым млн теңгеден асатын өзге де мүлікіңіз болса жариялауға міндеттісіз. Сонымен,, жаңа жылдан басталатын бұл науқанға кімдер қатысады? Жауап: ірі кәсіп иелері, жеке кәсіпкерлер құрылтайшылар және олардың жұбайлары.
Базигуль Абенова, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының сарапшысы:
- Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезең аясында 580 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер және оларға теңестірілгендер, олардың жұбайлары мен активтерімен міндеттемелері туралы кіріс декларациясын тапсырды. 2023 жылы бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектордың 2 миллионнан астам қызметкерлері жұбайлары мен бірге Қазақстан Республикасында да одан да тыс жерлерде бірінші рет активтарын жариялады. Оның ішінде 80 мыңға жуық бейрезидент декларация тапсырған. Азаматтардың 98 пайызға жуығы декларация электронды түрде тапсырды.
Бәріне бірдей мүлкін жария етуді міндеттеу бізге не береді? Ең бастысы көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.Енді заңсыз жолмен қалтасын қампайтқандардың дәурені өтті. Сарапшылардың пайымынша, науқан жоспардағыдай өтсе, елде әлеуметтік ахуал жақсарады, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендейді, қазына қосымша түсімдермен толығады.
Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бізде көлеңкелі экономикадағы қаражаттың айналысы өте жоғары. Соның барлығын шығару үшін осындай іс-шара жасалуда. Бұл декларацияда барлық мүліктерді көрсетуге міндетті, өздері көрсеткені дұрыс себебі кейін 1-2 жыл өткеннен кейін ол мүлік сатылады, басқаға беріледі мысалға, сол кезде сұрақтар туындамауы үшін өзі декларация арқылы дәлелдеп беруге оңай болады. Әрине басында сұрақтар болады бірақта бара-бара көш түзеледі деп ойлаймын.
Жуырда зейнеркерлер мен жәрдемақы алушылар декларация тапсырудан босатылады деген ақпарат тарады. Анық-қанығын мәжілісмендерден білдік. Сөйтсек, бұл ұсыныс қолдау таппапты. Себеп те жоқ емес. Заңның бұл тетігін теріс пиғылда қолданатындар табылуы мүмкін.
Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2025 жылы барлығы декларация тапсырған кезде мен ойлаймын халық ертең айтады несін жасырамыз деп. Енді ағайын-туысқандары, жора-жолдастарының аттарына тапсырып берген байыған азаматтарына. Енді шектеу болады. Себебі олар айтады мен де декларация тапсырамын, мен де бұны дәлелдеуім керек, менің бірақ табысым осындай ақ, оны дәлелдей алмаймын, сондықтан менен аулақ жүр. Сен барып тапсыра бер деп айтады. Өзінің кірістері мен шығыстарыңды да дәлелдеу керексің ғой бұл декларацияда.
Шығыс пен кірісті жария ету, қайдан келгенін дәлелдеу, 1 жылдан соң бәріне ортақ міндет болмақ. Зейнеткер де, үй шаруасындағы әйел де, тіпті студенттер де науқаннан тыс қалмайды. Бұл 13 миллионнан астам жеке тұлға. Бизнес пен қымбат мүлікті жасыру - заңсыздыққа саналады.
Базигуль Абенова, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының сарапшысы:
- Мұнда барлық азаматтар табысына сәйкес салық төлейді. Жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді механизмі құрылды. 00-52 Салық бақылауды шығыстарда азаматтардың кірістерімен салыстырудан тұрады. Осылайша заңсыз кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар табыстарын заңды түрде жұмысқа кірісу үшін пайдалана алады.
«Мүдделер қайшылығы» заңы әзірленді
Декларациялау үрдісі әлем елдеріне таңсық емес. Кейінгі жылдары оны дамушы мемлекеттер де енгізе бастады. Мәселен, Өзбекстанда жалпыға бірдей декларациялау бастамасы осыдан 2 жыл бұрын айтылды. Атқамінерлерге жасырын шот ашып, жақын туыстары арқылы заңсыз мүлікті иемденуге жол бермейтін заңды Олий Мәжіліс жуырда мақұлдады. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң түйткілді түбегейлі шешпесе де, сеңнің қозғалуына сеп болады. Көрші елде әзірге мемлекеттік қызметшілер ғана мүлкін жариялауға міндеттеледі.
Валерий Бирюков, қаржылық сарапшы:
- Процесс әлі жалғасып жатыр. Сенатта қаралған заң Президенттің қол қоюына жіберіледі. Себебі президент өзі бастаған істі аяқтайды деген сенімдемін. Қалай десек те «мүдделер қайшылығы» қазіргі мемлекеттік органдардың, ондағы басшылардың құқық аясын белгілеп берді. Енді мемлекет мүддесіне, заңға қайшы келетін жағдай анықталса, қандай шараның қолға алынатыны, кімнің бұл іспен айналысатыны мәлім десек те болады. Бірақ бұл бастамасы ғана. Тағы бірқатар заңнама қажет. Қаңтардан бастап механизм жұмыс істей бастайды.
Рухани Асқар, тілші:
- Жасырғаныңыз болмаса, декларация тапсыру кез келген адамға қиындық тудырмайды. Ол үшін бірнеше интернет ресурс та дайын. Азаматтың жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Есепті 15 шілдеге дейін қағаз түрінде, 15 қыркүйектен кешіктірмей электронды түрде ұсыну қажет. Заң бұзушылық үшін алғашында ескерту жасалып, кейін айыппұл салу көзделген. Болашақта аяқ асты байып кетіп жатсаңыз, себебі мен есебін бере алатыңызға сенімді болғаныңыз абзал.
Рухани Асқар, Марат Диханбаев, Артур Горшняков