Қостанай шаруалары екі млн тоннадан астам бидайын өткізе алмай жүр
Қостанайлық шаруалардың қоймасында екі миллион тоннадан астам астық жатыр.
Олар бидайды өткізе алмай әлек. Делдалдар ұсынатын баға тым төмен дейді. Жалпы биылғы бидайдың сапасы нашар, басым бөлігі ұн тартуға жарамсыз болып қалған. Үкімет астық өндірушілерге көмек ретінде азық-түлік корпорациясы арқылы сұрыпсыз бидайды сатып алатынын жариялады. Тоннасына 50 мыңнан 70 мың тенге аралығында ұсынып отыр. Дегенмен, облыс бойынша 90 мың тонна астық сатып алу межеленген. Ал қалған астықты қайда жіберетіні әзір белгісіз.
Ибрагим Бекмұхамедов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
– Сатып алу бойынша алғашқы үйлестіру кеңесін өткіздік. Он тоғыз өтінішті қарадық. Екі миллион тоннаны қайда өткізетініміз туралы анық бірдеңе айту қиын. Үкіметтен сатып алу көлемін ұлғайтуды сұраудан басқа амал жоқ. Қосымша астық трейдерлерімен жұмыс істеп жатырмыз. Өнімді экспорттаудың жолдарын іздестірудеміз. Әрине қазіргі қолдағы астық тек жем азыққа жарайды.