Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақтың инженерлік жүйесі жаңартылады
Шымкенттегі арнайы экономикалық аймақтың инженерлік жүйесі жаңғыртылады.
Бұл мақсатта қалалық бюджеттен 122 миллион теңгеден аса қаражат бөлініп, конкурс жарияланды. Өндіріс аймағында 60 инвестициялық жоба орналасқан. Алайда оның 35-іне көп жылдан бері сапалы электр қуатымен қатар, тіршілік нәрі де дұрыс жеткізілмей келген. Кәсіпкерлер аталған мәселені шешу үшін қалалық прокуратураға талай рет жүгінді. Қадағалаушы орган өкілдері салаға талдау жасап, әкімдікке ұсыныс берді. Бұдан былай прокурорлар мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инвестициялық жобалардың іске асырылуын қадағалайды.
Бақытбек Амалдықов, прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры:
- Арнайы экономикалық аймақтың аумағында 143,8 млрд теңгені құрайтын 60 жоба орналасқан. Қала прокуратурасы қалыптасқан жағдайды және бар тәуекелдерді талдап, әкімдікке ұсыныс енгізген. Оның қаралу нәтижесінде тозығы жеткен инженерлік жүйелерді жөндеуге 122,4 миллион теңге қаржы бөлінген.