Ақмола облысында шаруаларға субсидия негізсіз берілген
Ақмола облысында шаруаларға 90 миллион теңгеге жуық субсидия негізсіз берілген.
Госагро."кз" цифрлық платформасындағы кемшіліктердің кесірінен отызға жуық фермерге субсидия екі есе артық төленген. Мұны облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері анықтады. Бүгінде 75 млн теңге мемлекетке қайтарылып, басқа шаруа қожалықтарына үлестірілді.
Айдос Жақиялин, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Қазір мониторинг пен өтінімдерді мақұлдап, оны тексеретін қызметкерлер аз екенін байқадым. Бір жыл ішінде субсидиялау бойынша 29 мыңға жуық өтінім келіп түседі. Бір өтінімді рәсімдеуге небәрі 30 минут уақыт бөлінеді. Бұдан кейін әрине қателік кетеді.