Биыл 900 мың адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 900 мың адам екі қолға бір күрек тапты.

Азаматтардың дені Мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы негізінде еңбекпен қамтылған. Әрі ұлттық жобалардың нәтижесі бұл. Дегенмен, депутаттар халықты жұмыспен қамту мәселесін әрмен қарай да шешу үшін жұмыс берушілердің талабына сай маман дайындау керектігін айтады. Сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдау шараларын кеңейту де маңызды.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Зиянды жұмыста еңбек ететіндерге әлеуметтік төлем төлеу мәселесі, біз мұны да қолдадық. Барлық министрліктер өздеріне қарасты кәсіпорындар мен ұйымдардың жалақылары өсті. Мәселен, көп айтамыз орманшылар, орман қорғаушылар деп. Олардың жалақысы 100 пайызға көбейді.