Экономиканың шикізатқа тәуелділігі азайып келеді
Ел экономикасының шикізатқа тәуелділігі азайып келеді.
Біздің арнамызға берген сұхбатында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканы одан әрі дамыту бойынша Үкіметтің қандай шаралар қабылдайтынын атап өтті.
Оның айтуынша, келесі жылы жалпы құны 4,6 трлн теңге болатын 400-ден астам жобаны іске қосу жоспарда бар. Соның аясында ішкі өңдеушілерді нарықтан төмен бағада шикізатпен қамтамасыз ету тетігі іске қосылады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа өндірістер салықтан үш жылға дейін босатылады. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша шикізаттық емес секторларда 1,6 трлн теңгеге 300-ге жуық жаңа жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны шамамен 800 млрд теңге болатын 170 жоба көзделіп отыр.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Мысалы, Саран индустриалды аймағында қуаты 1,1 млн тұрмыстық техника шығаруға жететін өндіріс іске қосылды. Қостанай облысында қуаты жылына 70 мың автомобиль болатын терең локализацияланған жаңа KIA автомобиль зауытының құрылысы басталды. Ақтөбе облысында мобильді бұрғылау қондырғыларының өндірісі іске қосылды.