Жекешелендірудің кешенді жоспары пысықталды
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына бірқатар өзгеріс енгізілмек.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында осы тақырып талқыланды. Атап айтқанда, кешенді жоспардан 20-дан астам коммуналдық меншік ұйымын алып тастау қажеттігі айтылды. Соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандары, кейбір медициналық және микроқаржы ұйымдары бар.
Сонымен қатар өнеркәсіпті қолдау, отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қолжетімді қаржыландыру шараларымен қамту жайы сөз болды. Оған қоса комиссия 2024 жылы Qazaq Air әуе компаниясын бәсекелестік ортаға беру шарттарын талқылады.