Шетелден 600 млн долларға жуық қаржы қайтарылды

Жыл сайын әлем елдері офшорларға аударылған қаражаттан 480 миллиард доллар салық жоғалтады.

Оның 311 миллиард доллары трансұлттық компаниялардың еншісінде болса, қалғаны олигархтардың өз табысын салық паналарына шығарғаннан тіркеледі. Бұл туралы Tax Justice Network басылымы "2023 жылғы әділ салық жағдайы" туралы баяндамасында осындай деректер келтірді. Ол - жаһандық деңгейде салықтық заңбұзушылықтарға қарсы белсенділерді біріктіретін халықаралық үкіметтік емес ұйым. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, алдағы 10 жылда әлем елдері 4 триллион доллардан астам салықтан айырылады. Зерттеушілер осындай ескерту жасады. Болашақта мемлекеттік қаржы шығындары  Дүниежүзілік денсаулық сақтау саласына кететін шығындарға тең болады. Мамандардың айтуынша, оффшорлардың кесірінен әлем секунд сайын бір медбикенің жылдық жалақысына тең соманы жоғалтады.

ГРАФИКА:

Офшорлардың кесірі

Жылда $480 млрд салық төленбейді

Оның ішінде: $331 млрд – трансұлттық корпорациялар

                       $169 млрд – олигархтар табысы

Tax Justice Network деректері  

Жекелей алғанда оффшорлық  аймақтардың жұмысы заңға қайшы келмейді.  Әлем елдерінің салықтық жеңілдіктер енгізуі қалыпты жағдай дейжі Мәжіліс депутаты Азат Перуашев. Әсіресе мұнай, бағалы металлдар мен өнеркәсіп орындары жоқ мемлекеттер қазынаны толтыру қамын ойлап осындай бағдарламаларды қабылдайды. Олардың саясатына жаһандық деңгейде ешкім тыйым сала алмайтыны анық. Сондықтан, өзге елдердегі салықтық жүйемен күреспей, өз еліңдегі заңсыз ақша аударуға тосқауыл қою маңызды. Азам Пеурашевтің пікірінше, оффшорларға аударылатын ақшаны азайту үшін, бизнесті заңдастыру тектіктерін жеңілдету керек. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жемқорлықпен күресіп, квазимемлекеттік секторторда осының жолын кесу керек. Депуттаттың айтуынша, шетелге заңсыз ақша аударудың негізгі көздері осы.  

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заңсыз ақша айналымының негізгі көзі пара. Қазір параны конфертке салып бермейді. Мысалы, жол құрылысында автобан салуға жобаны мақұлдайды. Ондағы еншілестердің үлесі миллиондаған доллармен есептеледі. Үлкен соманы банк операциялары арқылы өткізеді. Ал сұрақ туындамас үшін өтірік келісім жасап, шетелдік шоттарға аударады. Артық ақшаның неге кеткенін әрине ашып айтпайды, өйткені ол пара алушының үлесі. Осы жүйені қатаң бақылау керек. Заңсыз ақша аударумен күресте Ұлттық банкті пайдалануға болады. Оған сыртқы транзакцияларды бақылау тетігі берілген.  Ұлттық банктің сыртқа кететін қаржыны бақылаумен қатар,  күмәнді транзакцияларды тоқтату құқығы бар.

Шетелден $600 млн қайтарылды

Шетелге заңсыз шығарылған активтерді анықтау үшін енді жасанды интеллект қолданылады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеген. Бүгінге дейін Қазақстанға жалпы құны шамамен 1 триллион теңге болатын активтер қайтарылды. Соның ішінде капитал, жылжымайтын және жылжитын қымбат мүлік, коммерциялық нысандар, акциялар, кәсіпорындар, жер телімдері, бағалы металдар мен асыл тастар мемлекетке меншігіне алынды. Соның шамамен 600 миллион доллары шетелден әкелінген. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, биыл ұлттық заңнама тағы өзгереді. Бұдан былай шет мемлекеттермен арадағы сомасы 50 мың доллардан асатын операциялар да назарға ілінбек. Ұлттық банк  осы көлемдегі операциялар туралы Қаржы ми­нистр­лігін құлақтандырып оты­­рады.

ЦИТАТА:

"Капиталды қайтарудың екі нұсқасы бар – ерікті және мәжбүрлі. Бұл ретте тізілімге енуі мүмкін тұлға комиссияға келіп, өз еркімен мүлікті қайтара алады. Оның қандай мүмкіндіктері бар? Біріншіден, ол өңірлердегі, моноқалалардағы маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаны таңдап, қаржыландыра алады. Бұл опция заңмен қарастырылған. Не болмаса ақшалай әкеле алады. Ол үшін арнайы есепшот аштық. Үшінші нұсқа – ол заңсыз шығарылған активтерді мүлік түрінде, акциялармен, облигациялармен немесе бағалы қағаздармен қайтара алады. Осы мақсатта біз оны басқаратын компания құрдық".

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі