Ұлттық инвестициялық платформа
Елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ұлттық цифрлық платформа әзірленді.
Жаңа ақпараттың жүйе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жиында таныстырылды. "Бұл жоба мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларға, қаржы институттары мен кәсіпкерлерге ортақ әрі тиімді" дейді мамандар. Платформа көптеген процесті жеңілдетіп қана қоймай, олардың ашықтығын қамтамасыз етпек. Роман Скляр мемлекеттік органдарға платформаны іске қосуды жеделдету және жүйеге инвестициялық жобалар бойынша барлық деректі енгізуді тапсырды.