Көлік министрлігі елдер арасында жүк тасымалдау бланктерін беру жүйесін өзгертеді
Халықаралық тасымалға арналған рұқсат бланктерін беру жүйесі өзгереді.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Қазіргі жүйемен берілген блактердің 45% пайдаланылмай қалады. Сондықтан рұқсат қағаздарын таратудың жаңа тәртібі әзірленді. Осылайша ведомство бланктерді сатып жүрген делдалдардың жолын кеспек. Жобаны Алматыда өткен халықаралық автокөлік тасымалы және көлік бизнесі кеңесінде талқыланды. Жиында бланкілерді беру процесінен көліктік бақылау инспекцияларын алып тастау және оларды пайдалануды қашықтықтан бақылау ұсынылды.
Алтай Әлі, ҚАТТК төрағасы:
- Қазақстан Республикасы 42 елмен бланк алмасамыз. Соның нәтижесінде тасымалды жүзеге асыруға болады. Жүйені қайта қарау мәселесін ойластырып жатырмыз. Сол себепті барлық тасымалдаушыны жинап, ашық сөйлесуге шақырып отырмыз. Біздің ұсынып отырған жаңа ережеміз бойынша, біз осы жылдың ортасында енгізуді жоспарлап отырмыз.