Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылды
Биыл шағын және орта бизнестің банктік несиелері 900 млрд теңгеден астам сомаға субидияланады, деп хабарлайды 24KZ.
. Қазір кәсіпкерлер шамамен 4,3 млн адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл елдегі еңбекке қабілетті азаматтардың жартысына жуық. Бизнесті қолдау әрі қарай жалғасады. Қазірге дейін 10 мыңнан астам артық талап жойылды. Автоматтандыру нәтижесінде тексерулер екі есе азайды. Сондай-ақ салықтық төлемдер 20%-ке, салық есебі нысандарының саны 30%-ке қысқарады. Әсіресе өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріліп отыр. Бұл саладағы жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады.