Батыс Қазақстан облысында салықтан жалтарған кәсіпкерлер анықталды
Батыс Қазақстан облысында салықтан жалтарып, табысын жасырған 4 кәсіпкерлік нысан анықталды.
Үшеуіне қатысты сот шешімі шықты. Бұдан бөлек, мемлекетке 600 миллион теңгеден артық салық төлемеген кәсіпкерден қаражат толық қайтарылды. Экономикалық тергеу департаменті бұның алдында бюджет қаржысын ұрлау, заңсыз ойынханалар мен қаржы пирамидаларын құру сияқты заңға қайшы әрекеттерді әшкереледі.
Анастасия Болграбская, экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:
- Бір жылдың ішінде қаржы пирамидаларын құру бойынша 13 дерек анықталды. Былтыр келтірілген шығын 700 млн теңгеден асты. Департамент бюджет қаражатының тиімді пайдалануын да бақылайды. Егер қаржы артық немесе орынсыз бөлініп, жұмсалса хат жолдаймыз. Мысалы, былтыр 137 миллион теңгенің тиімсіз жұмсалу фактісінің алдын алдық.