Елде Jet A-1 маркалы авиаотын өндіріледі

Кейінгі 3 жылда елдегі авиаотын өндіру көрсеткіші жылына 439 мың тоннадан 624 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Мұнай тасымалдау және мұнай өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаевтың айтуынша, зауыттардың жаңғыртылуы – Президент тапсырмасын орындау. Мемлекет басшысы азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын кеңейту туралы міндет жүктеген еді. Көлік министрлігі әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескеріп, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдады. Отынның бұл түрі әлемнің 70-тен астам елінде қолданылады. Халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары дайын.