Инвестициялық ахуал. LIVE
Биыл Қазақстанда жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын 234 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы белсенділік еліміздің қарқынды экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін маңызға ие. Дәл қазір Үкімет отырысынан әріптесім Айнұр Қуатқызы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Отырыста тағы қандай мәселелер сөз болды?