ЕАДБ еліміздің экономикасына бір миллиард доллар инвестиция құяды
Биыл Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына 1 миллиард доллар инвестиция құяды.
Бүгін Премьер-министр банктің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесіп, инвестициялық ынтымақтасты одан әрі кеңейту мәселесін талқылады. Биылғы негізгі жобалардың қатарында көлік, өнеркәсіп, энергетика, қоршаған орта және агроөнеркәсіп саласы бар. Сондай-ақ елдегі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары көзделген. Кездесуде Олжас Бектенов Банктің басым бағыты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру болуы тиіс деді. Өз кезегінде Николай Подгузов, банктегі қаржы институтының тұрақты екенін атап өтті.