Ел бойынша 40 мыңға жуық үйдің тұрғынына жаңа баспана керек

Ұлттық спорт университетінің құрылысы келесі жылы аяқталуы тиіс.

Биыл университеттің спорт ғимараттарын тұрғызу көзделген. Келесі жылы әкімшілік корпусы, дәріс залдары сынды нысандары бой көтереді. Толығырақ алдағы уақытта баяндайын.

Ұлттық спорт университеті салынып жатыр

Университет жанында колледж жұмыс істейді деген жоспар бар. Жоғары оқу орнында 2 мыңнан астам студент білім алса, колледж 500-ден аса адамды қабылдайды. Сонымен қатар, білім ордасында магистранттар мен докторанттарды да оқытады.

Жаңа нысан жоғары жетістіктер спортына қажет мамандарды өзімізде дайындауға кеңінен жол ашады. Білім ордасында жаттықтырушылар, менеджерлер, психологтар мен ғылыми қызметкерлер даярланады. Ал спорт ғимараттарында ұлттық командалардың мүшелері көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, ескек есу, жеңіл атлетика секілді спорт түрлері бойынша алаңсыз жаттыға алады. 

ЦИТАТА

«Жоба өте ауқымды және оны жүзеге асыру барлық кезеңдерінде үйлесімді жұмысты және жауапты тараптардың өзара белсенді іс-қимылын талап етеді. Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары кезінде Қазақстан спорт көшбасшысы болуы тиіс екенін атап өтті. Ұлттық спорт университетінің құрылысы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуда және халықаралық деңгейдегі спорт резервін қалыптастыруда маңызды қадам».

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

- Университетте көпфункционалды спорт кешені, стадион, бассейн және жеңіл атлетика манежі болады. Бұл нысандар құрылысын биыл аяқтау көзделген. Ал құрылыстың екінші кезеңінде дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана, оқытушыларға арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы тұрғызылады. Студенттер үшін 500 орындық жатақхана салынады.

Жалпы былтыр елдегі спорт нысандары тексерілді. Қорытындысында әр өңірде жұмыс істеп тұрған ғимараттардың орта есеппен 20 пайызы талапқа сай еместігі анықталды. Қай жерге қандай нысандар керектігі белгілі болды. Осылайша, келесі жылдан бастап «Модульдік үлгідегі 100 спорт нысаны» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Алдағы екі жылда ел көлемінде 113 жаңа спорт нысаны салынады. Қолданыстағы 26 нысан қайта жаңартылады.