Мұқтаж шаруаларға несиеге тұқым беріледі
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Азық-түлік корпорациясын өз қорынан 200 мың тонна тұқымды мұқтаж шаруаларға тауарлық несие ретінде таратуға міндеттеді.
Премьер-министр елдегі климатқа төзімді отандық тұқым қорының көлемін ұлғайту керек деді. Оның айтуынша, Қаржы, Экономика, Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер фермерлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселесін шешуі қажет.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі