85 млрд теңгеден астам заңсыз иемденілген актив елге қайтарылады

85 млрд теңгеден астам заңсыз иемденілген актив елге қайтарылады

85 млрд теңгеден асатын заңсыз иемденілген активтер елге қайтарылады.

Бұлар Қазақстан мен шет мемлекеттер аумағындағы тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, ақша, 10 мың гектардан астам жер және компаниялардағы үлес пен бағалы зергерлік бұйымдар. Мақұлданған келісімдер жайында Үкімет басшысының төрағалығымен өткен арнайы комисияның отырысында айтылды. Сондай-ақ өзгенің иелігіне заңсыз өткен құны 10 млрд теңгеден асатын кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі талап-арыз қаралады. Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді ел игілігіне қайтару жөніндегі жұмыстар күшейетінін атап өтті.